Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 9 айда барлығы 62 тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның 49 жоспарлы, 13 жоспардан тыс.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында департамент басшысының міндетін атқарушы Аслан Оразбеков мәлімдеді. Оның сөзінше, 62 тексеріс нәтижесінде – 40 субъектіде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды, барлығы 133 кемшілік анықталды, оның ішінде жойылған кемшіліктер саны — 49.
❗️ «Атап айтқанда: мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы яғни мүгедектерді әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына қолжетімділікті қамтамасыз етпеуі бойынша 122 кемшілік анықталды, оның бүгінгі таңға сәйкестендірілгені — 41; стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы -11 факті, орындалғаны – 8», — деп атап өтті спикер.
©️©️©️
13 жоспардан тыс тексерістің нәтижесі бойынша құқық қорғау органдарына (соттарға) жіберілген материалдың саны — 5 (мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында яғни мүгедектерді әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына қолжетімділікті қамтамасыз етпеуі бойынша). Мекемелер мен ғимарат иелеріне салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасы 827010 теңге (5 субъект). Төленгені — 827010 теңге (5 субъект).
✅ Ол бүгінгі күні облыстағы 259 мемлекеттік заңды тұлғалардың ғимараттарында мүгедектігі бар адамдарға қол жетімділікті қамтамасыз ету көзделгенін жеткізді. Олардың тек 88-і (34 пайызы) қазіргі кезде толық немесе жартылай бейімделіп отыр. Қалған мекемелер заң талаптарын толық орындамай отыр. Жыл қорытындысы бойынша орындамаған жағдайда лауазымды тұлғаларға айыппұл салынатын болады.
Келесі