Жамбылда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы басталды

889

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, облыстық Ішкі істер департаментінің ЖПҚ Ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Қуанышбек Қалжановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Спикерлер «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық акциясы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарынажауап берді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықығын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 12 — 23 қараша аралығында республика көлемінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқан өтеді.
«Балалық шақ – мейірімділік мекені» ұранымен өтетін ақпараттық акция мақсаты — қоғам назарын балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне аудару, тұрғындар арасында қатыгездікке төзбеушілік қарым-қатынастарды қалыптастыру.
Аталған акция аясында әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балаларды анықтау мақсатында «Отбасында зорлық-зомбылық жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Көше», «Жасөспірім» атты кең ауқымды ведомствоаралық рейдтік шаралар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.