Жамбылда жыл сайын 20 мыңнан астам адам тұмаумен ауырады

197

Тұмаумен үнемі күресуге қарамастан, адамзат әлі күнге дейін тұмауды жеңе алмады. Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады. Жаңа эпидемиологиялық маусым 1 қазаннан басталып, келесі жылдың 1 мамырына дейін жалғасады.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының орынбасары Неили Муликова айтты. Оның мәліметінше, жыл сайын өңірде эпидемиологиялық маусымда 20 мыңнан астам адам жіті респираторлық вирустық инфекциялармен, ал тұмаумен 100-ден астам адам ауырады, олардың 70% — дан астамын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.
«ЖРВИ көптеген ауруларды қамтиды, олар бір-біріне ұқсас, тұмауға ұқсас клиникалық көрінісі бар, бірақ 200-ден астам басқа вирустар осы ауруларды тудырады. Балалар мен қарт адамдар тұмауға өте қиын, бұл жас топтары үшін ауру кезінде пайда болатын асқынулар өте қауіпті.
❗️Тұмау — өте жұқпалы ауру. Бұл инфекция ауру адамнан сау адамға түшкіру, жөтелу және тіпті сөйлесу кезінде шығарылатын сілекей немесе шырыштың көрінбейтін тамшыларымен беріледі. Сонымен қатар, тұмау вирусы лас қолдар арқылы жұғады», — деп түсіндірді спикер.
©️©️©️
✅ Неили Орынбасарқызы ауруды емдеу дәрігердің бақылауымен жүзеге асатынын атап өтті. Ол науқасты тексергеннен кейін ғана емдеу режимін тағайындайды және басқа ұсыныстар береді.
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.