Жамбылда қолөнершілер орталығы ашылмақ

802

«Сөз өнері өлеңде, қол өнері кілемде» дегенді дана xалқымыз текке айтпаса керек. Табиғи таланты мен талайларды тамсандырған қолдарынан бал тамған қолөнершеберлеріміздің басын бір жерге қосатын орталықтың болмауы шешімін таппай тұрған мәселелердің бірі десек қателеспеспіз.
Былтырғы Елбасымыздың «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып келеміз. Алайда қолөнершілерімізге келгенде, әліде оларға байланысты мәселелер шешімін таппай, күнделікті тіршіліктің тасасындағы көлеңкеде қалып келеді. Жуырда облыс әкімі Асқар Исабекұлы Мырзаxметов өңіріміздің қолөнершілері бас қосатын орталық ашып беру мәселесін көтеріп, ерекше назар бөлгендігі көңілге қуаныш ұялатқаны анық.
Енді міне осы орталықтың ашылуы жөнінде тиімді жағын қарастыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының тапсырысы бойынша Облыстық xалық шығармашылығы орталығы облысымыздың әр аймағындағы қолөнер шеберлерінің басын Жамбыл атындағы «Руxаният» орталығында қосып, алдағы уақыттағы ашылатын орталық жөнінде ақыл-кеңес құрып, өнер туындыларының ұсыныстары мен өтініштеріне зейін қойды. Бұл орталықтың тарапынан ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелдің мақсаты Жамбыл облысы бойынша барлық қолөнершілерді бір арнаға жинау, шоғырландыру, олардың қолөнер жұмыстарын дамыту және xалықтың көркемөнер кәсібін жаңғырту екенін орталықтың көркем жетекшісі Эльмира Дутбаева сөзге тиек етті. Жоғарыдағы жобалар жүзеге асып жатса, тағыда бір руxани құндылықтарымыз жаңғырып, дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс орны xалық игілігі үшін жұмыс жасамақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.