ЖАМБЫЛДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

65

Итернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті маңызды мәселесі болып отыр.

Қазіргі уақытта кез-келген адамның смартфоны, планшеті бар соған байланысты интернет алаяқтардың құрбанына айналып кетуі әбден мүмкін.Жиі кездесетін интернет алаяқтықтың түрлеріне тоқталсақ: интернет арқылы сауда-саттық жасау кезінде алдын-ала төлем жасатып алдау,өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып жеке деректерді иемдену,азаматтардың құжаттарының көшірмелерін пайдалану арқылы несие алу,қаржы пирамидасы және сіздің нөміріңіз ұтысты жеңімпаз атанды деп қоңырау шалуы.

Жоғарыда аталып өткен оқиғаларды болдырмау мақсатында ҚР ІІМ нұсқаулығына сәйкес Жамбыл ауданының білім ошақтарында, ХҚКО-да және адам көп шоғырланатын орындарда халықпен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.