Жамбылда 4 ауылға 20 мың көшет ағаштары егілуде

72
Бүгінде мемлекетіміз көгершіктендіру, көгалдандыру жұмыстарына баса назар аударып отыр. Бұл жұмыстар Жамбыл ауданында жыл сайынғы дәстүрмен ерте көктемде басталып кетеді. Оның ішінде арық-атыздарды ретке келтіру, күл қоқысты тазартудан бөлек тал егу жұмыстары бар.
Жалпы бұл жұмыстардың барысын білу үшін аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаевтан сұрағанымызда, ол:
– Өңірде тал егу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімінің тапсыоиасына сәйкес, «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында және 2021-2025 жылдарға арналған елді мекендерді көгалдандыру өңірлік жоспарына сәйкес, биыл аудан аумағына қарасты Қарасу ауылдық округі аумағында 4 гектар, Бірлесу-Еңбек ауылынан 5 гектар, Көлқайнар ауылдық округі жерінен 5 гектар, Айшабибі ауылдық округі жерінен 4 гектар жерге 20 мың көшет ағаштарын отырғызу жүргізілуде. Бүгінде Айшабиби мен Бірлесу-Еңбек ауылында бұл жұмыстар мәреге жақындады, — дейді ол.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.