«Жамбыл-Тараз» жыл басын жағымды жаңалықтан бастады!

151
Облыстық «Жамбыл-Тараз» газеті жыл басын жағымды жаңалықтан, жаңа тағайындаулардан бастады.
«Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС құрылтайшылар құрамының шешімімен Әлімхан Мұратхан Әжмаханұлы «Жамбыл-Тараз» газеті Бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Мұратхан Әжмаханұлы еңбек жолын 2014 жылы облыстық «АрСтан» қоғамдық-саяси газетінде тілші қызметінен бастап, «AR-AI» жастар газетінде тілші, «Экономика және жастар саясаты» бөлімінің редакторы, 2017-2018 жылдары «ZhambylNews» ақпарат агенттігінде бас редакторы, 2018 жылы Жамбыл облыстық «AQ JOL» қоғамдық-саяси газетінде тілші қызметтерін абыроймен атқарды.
2021 жылдан бүгінгі таңға дейін «Jambyl-Taraz» газетінде SMM бөлімінің басшысы лауазымында болды.
Жыл басындағы тағы бір сүйінші хабар — «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС құрылтайшылар құрамының шешімімен Шахабай Құрбанәлі Аманкелдіұлы облыстық «Жамбыл-Тараз» газетінің жауапты хатшы қызметіне тағайындалды.
Құрбанәлі Аманкелдіұлы еңбек жолын 2017 жылы Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде тілші қызметінен бастаса, 2021 жылы «Jambyl-Taraz» газетінде тілші, 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін басылымның бөлім басшысы қызметін зор жауапкершілікпен атқарды.
Міне, осылайша «Жамбыл-Тараз» газеті жыл басын жаңа леппен бастап отыр. Биылғы жылы 10 мыңнан аса оқырманымен қайта қауышып отырған басылымға жаңа тағайындалған азаматтар тың серпін мен соны қарқын әкеледі деп сенеміз. Ендеше, іске сәт әріптестер! Басылымның беделін бірге биіктете берейік!

Leave A Reply

Your email address will not be published.