Жамбыл облысында түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді

32

2026 жылғы 16 қазанда сағат 15:35 шамасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 67 аралас қауіпсіздік мекемесінде «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы және «Қадағалау» республикалық рейдтік-профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған заттарды анықтау дерегі тіркелді.

Жедел-режимдік бөлім қызметкерлері мен сәлемдемелерді қабылдау пунктінің бақылаушылары Р есімді азамат (1995 жылы туған) жеткізген азық-түлік өнімдерін тексеру барысында тыйым салынған заттарды анықтап, тәркіледі.


Тексеру барысында сусабын құтысының ішінен ерекше иісі бар, ақ түсті, шамамен 1–2 грамм ұнтақ тәрізді зат, сондай-ақ бір дана «Tele2 5G» SIM-картасы, екі дана «Beeline 5G» SIM-картасы және бір дана USB сымы анықталып, тәркіленді.

Азық-түлік өнімдерін қабылдауға дейін азамат қамаудағы адамдар мен сотталғандарға пайдалануға және сақтауға тыйым салынған заттардың тізімі жазбаша түрде таныстырылып, тиісті құжатқа қол қойдырылған.

Аталған дерек 2026 жылғы 16 қазанда Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай есебіне тіркелді.

Тәркіленген заттар қапталып, мөрленіп, Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды. Ұнтақ тәрізді затқа сот-химиялық сараптама тағайындалды. Оқиға қызметкерлердің кеудеге тағылатын бейнетіркегішіне жазылды.

Р. есімді азаматқа ДСОГ қызметкерлеріне тапсырылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оған қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Сот-химиялық сараптаманың нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.