Жамбыл облысында өткен жылы 2021 жылмен салыстырғанда жану оқиғасының саны 8 пайызға, орман өртінің аумағы 36 пайызға азайған.

77
Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды.
❗️Мемлекеттік орман қорының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыс әкімдігімен ағымдағы жылы 280 миллион теңге бөлініп, оған 10 дана трактор, 12 дана өртті сөндіруге қажетті техника, 10 мотопомпа алу жоспарлануда.
Өткен жылы өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру жоспарына сәйкес 3 шалғай елді мекенде өрт сөндіру бекеттері құрылса, биыл тағы үш елді мекенде өрт бекетін құру көзделуде
Кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбеков балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы жұмыстарға тоқталды.
✅ Оның айтуынша, облыс бойынша 11 қала сыртындағы сауықтыру лагері бар, оның 4-і мемлекеттік, 2-і сенімгерлікке берілген, 5-і жекеменшік лагерь. Аталған лагерьлерден бөлек жыл бойына жұмыс істейтін «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы ашылып, осы орталықта балаларды сауықтырумен әрі демалыспен қамту жоспарлануда.
➡️ Толығырақ zhambyl.gov.kz сайтында

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.