Жамбыл облысында ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізіп жатыр

155

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үшжақты әріптестігі (бизнес-әкімдік-ҮЕҰ) аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жоба Жамбыл облысының Ойық, Бөлтірік шешен, Сейілбек және Ұланбел ауылдарында басталды. Қазіргі таңда ауылдардың қоғамдық инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басты мақсат — жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жастар мен балалардың бос уақытын өткізуге арналған орындар салу.

Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «Qazaqgaz барлау және өндіру» ЖШС қаржыландырды.

Әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығы ауыл тұрғындарының едәуір бөлігі қалаларға кетуіне негізгі себептерінің бірі.

Жамбыл облысының аудандық әкімдіктері «Даму әлемі» қоғамдық қорымен бірлесіп, отандық компаниялардан ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға, ойын және спорт алаңдарын салуға көмек сұраған.

2023 жылдың наурыз айында Жамбыл облысы Ұланбел ауылында балалар ойнайтын, воркаут және баскетбол алаңдарының құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ, демеушілердің қаржысына осы ауылды суармалы сумен қамтамасыз ететін екі ұңғыма тазартылып, күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізіледі.

Ал, Ойық, Бөлтірік шешен және Сейілбек елді-мекендерінде «Жамбыл облысы ауылдарының бір бөлігінің инфрақұрылымын кешенді дамыту» жобасы бойынша барлық жұмыстарды демеушілер осы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.