Жамбыл облысына ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденов жұмыс сапарымен келді

131

2️⃣0️⃣2️⃣2️⃣ жылдың 2️⃣2️⃣ қыркүйегінде Жамбыл облысы Полиция департаментінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Ержан Сәденовтің төрағалығымен жедел кеңес өтті.

Жиынға ҚР ІІМ Арнайы және жұмылдыру дайындығы департаментінің бастығы полиция полковнигі Сабыр Жүсіпбеков, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдос Рысбаев, Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

Сондай-ақ қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары селекторлық бейнебайланыс бойынша тыңдады.
Жедел кеңестің негізгі мақсаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегi «Әділ мемлекет.

Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа жолдауын жеке құрамға жеткізу және түсіндіру болып табылады.
Іс-шара барысында полиция генерал-майоры Ержан Саденов Мемлекет Басшысы Жолдауының бес негізгі аспектісін түсіндіріп, полицейлерге айтылған тапсырмаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылатынын айтты.
Мысалы, келесі жылдан бастап ҚР-на 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыру жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда ІІМ және басқа да мемлекеттік органдар автомобильдерді жария етудің барынша қарапайым және түсінікті рәсімдері үшін тиімді тәсілдерді әзірлеуде. Азаматтар бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңге көлемінде ғана алым төлейтін болады. Тіркелген автомобильдерге қарапайым ақ нөмірлер беріледі, бұйрыққа ешқандай шектеулер қойылмайды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Президент оларды таратушыларды қатаң жазалауды тапсырды. Себебі соңғы үш жылда айналымнан алынатын «синтетика» көлемі 10 есе өскен. Синтетикалық есірткі жыл сайын арзан әрі қол жетімді болып келеді, олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы еш кедергісіз сатылады. Сондықтан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөнінде кешенді жоспар әзірлеу қажет.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырғаны үшін жазаны қатаңдату қажетті туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, жеке құрамға арнаған сөзінде Ішкі істер министрінің орынбасары әрбір тұрғын полицияға жүгінген кезде түсіністікпен қарайтынына сенімді болуы, сондай-ақ қорғалуы мен қауіпсіздігін сезінуі үшін азаматтар тарапынан барлық өтініштерге пәрменді әрекет ету қажеттігіне ерекше назар қойылды.
Кездесу қорытындысы бойынша ішкі істер органдарының басым міндеті құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстардың жасалу себептері мен жағдайларын анықтау және олардың алдын алу шараларын қабылдау болып қала беретіні атап өтілді.

Жамбыл Облысы Полиция Департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.