Жамбыл облысы мен Катар мемлекеті арасындағы екіжақты байланыс нығайып келеді

165

Жиынға Тараз қаласының әкімі мен бірқатар облыстық басқармалардың және «Тараз» ӘКК» басшысы қатысып, олар Астанадағы Қазақстан-Катар инвестициялық форумы алаңында өткен кездесулердің қорытындылары туралы баяндады.

Аталған форумда Жамбыл облысы мен Катар делегациясы арасында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты мәселелері талқыланған. Шара барысында катарлық Metito LTD (су ресурстарын басқару жүйесінің әлемдік көшбасшысы және жеткізушісі), Baladna Q.P.S.C (ауылшаруашылық өндірістік компаниясы, сүт-тауарлы фермалардың иесі), Estithmar Holding Q.P.S.C (денсаулық сақтау және туризм салаларындағы жобаларды жүзеге асырушы) компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

Инвесторларға агроөнеркәсіптік кешен, туризм, өнеркәсіп салаларындағы жобалар, Көне Тараздың тарихы мен мәдениетін насихаттауға бағытталған бастамалар ұсынылды. Катар кәсіпкерлері екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға өзара ниет білдірді. Олардың тарапынан жамбылдық қолөнершілерді жақын арада Катарда өтетін көрмеге қатысуға ұсыныс түскен.

Нұржан Нұржігітов «Тараз» ӘКК және басқарма басшыларына шетелдік инвесторлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.