Ілебаев Лесбек Құралбайұлы
1982 жылы 17 тамызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Қазақ гуманитарлық- заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 1999 жылы Коммерциялық ұйымдарда заңгер көмекшісі болып бастаған;
2004-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі қызметін атқарған;
2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша күндізгі бөлімінде оқыған.
2014-2016 жылдары Солтүстік Қазақстан Облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болған;
2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратында қызмет атқарды;
2017-2018 жылдары «Каспий әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарушы директоры, басқарма төрағасының м.а.;
2018-2019 жылдары Коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқарды;
2020-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды;
2023 жылдың 24 — қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып тағайындалды.
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, премиялар:
— «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалі (2006),
— Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі (2016),
— «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі (2021)