Жамбыл ауданында азаматтарға қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралды

705

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев Жамбыл аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының және аудандың емхананың қызметтерімен танысты.

Жамбыл аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы 1128 шаршы метрлік ғимараттың жалпы көлемінің тек 3/1 бөлігінде ғана орналасқандығы, демек мемлекеттік мүлікті тиімді пайдаланбағанды және мекеменің ол ғимаратта орналасуымен азаматтарға қолайлы жағдай жасалмай отқандығы белгілі болды.

Сонымен қатар, аудандық емхананың қызметімен танысу барысында, кезекте тұрған азаматтардың көптігі және ол бойынша электронды кезек бағдарламасының тиісті жұмыс істемегендігі бегілі болды.

Жоғарыда орын алған маселелер бойынша Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Равиль Төлебаев, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасын басқа ғимаратқа ауыстыруды қарастыру және емханадағы «Даму-мед» бағдарламасының интеграциясын 27 ақпанға толық қалыпқа келтіру тұралы ұсыныс беріп, емханаға қайта қоғамдық бақылау жүргізілетіндін айтып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.