Жамбыл ауданында 16563 тонна қант қызылшасы жиналды

174
Жамбыл ауданында қант қызылшасын өсіруге ден қойған диқандар күздің әр күнін қалт жібермей, науқандық жұмыстарды аяқтауда.
Биыл ауданда қант қызылшасы 730 гектар алқапқа орналастырылды. Бүгінде оның 546 гектары қазылып, 16563,3 тонна балтамыр жиналды.
Жамбылдық диқандар қызылшаның өнімділігіне айрықша көңіл бөлуде. Қызылшаның гектарға шаққандағы өнімділігін ескеріп, үстіміздегі жылы қант зауытына 11695 тонна қант қызылшасын өткізуді межелеп отыр.
✅Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Амангелді Әбдібековтен жиын-терін барысы туралы сұрағанымызда, ол: «Ауданда диқандардың ала жаздай төккен тері ақталсын деп, биыл тәтті түбірді жинауды ерте бастан бастап кеттік. Биыл балтамыр алқаптарының шығымы жақсы. Өнімділігі де жоғары. Кейбір алқаптарда өнім гектарына 500-550 центнерден айналуда. Қазір қызылшаның гектарға шаққандағы өнімділігін ескеріп, қант зауытына 11695 тонна балтамыр өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді.
▪️Қант қызылшасын жинауға алғашқылардың бірі болып Нуритдин Бегманов жетекшілік ететін «Қызыл Дихан» өндірістік кооперативі және «Тастөбе» шаруа қожалығы кіріскен. Өндірістік кооператив әзірге 41 гектардан 2399 тонна өнім жинаса, шаруа қожалық егілген 45 гектар алқаптың әр гектарынан 520 центнерден өнім алып, 1560 тонна қызылша жинап алған. Оның 1519 тоннасы Меркі қант зауытына өткізілген.
Меркі қант зауыты жауапты науқанға дайындығын өз деңгейінде қамдаған. Қант тапшылығын болдырмау мақсатында зауыт үздіксіз жұмыс істеуде.
✔️Ағымдағы жылы қант қызылшасы өнімінің сатып алу бағасы тоннасына 30,0 мың теңгені құрайды. Яғни, қант зауыты өткізілген өнімнің тоннасына – 15 мың теңге төлесе, мемлекет тарапынан – 15 мың теңге субсидия төленеді. Шаруалар өнімді өткізуде түзілетін ұзынсонар кезектің азайғанына да дән риза.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.