«Жамбыл – адалдық алаңы» БАҚ арасында байқау жариялады

30

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл туралы жарық көрген ең үздік жарияланымдардың облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алубойынша жарық көрген ең үздік жарияланымға (мақала, журналисттік зерттеу, бейнеролик және т.б.) облыстық байқау облыс бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің (журналистер) арасында жүргізіледі. Аталған тақырыптағы материалдар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-да жариялануына болады.
Байқау Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Адал қоғам» ҚБ өткізеді.

2. Байқау мақсаты
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру, жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға БАҚ өкілдерін тарту болып табылады.
3. Байқау міндеті
​1. Сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы іс-қимылдыіске асырудың тиімді формаларын іздеу және насихаттау.
2. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
​3. Мемлекеттік қызметтегі мәртебесін жоғарылату, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін арттыру, қоғам тұрақтылығын одан әрі күшейту.
​4. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру.

4. Байқау шарттары
1. Байқауға облыс аумағындағы газет, журнал редакцияларының, телеарналардың, ақпараттық интернет порталының (сайт) журналистері қатыса алады (басқа сала мамандарына қатысуға болмайды).
2. Байқауға 2025 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейін БАҚ-да жарық көрген материалдар (мақалалар, бейнематериалдар) қабылданады.
3. Жарияланған материалдар келесідей талаптарға сәйкес дәлелденуі тиіс:
​1) телеарнадағы шығарылымдар — компакт-дискідегі жазылыммен;
2) баспа бетіндегі жарияланымдар — газеттің түпнұсқасының көшірмелерімен;
3) интернет ресурстарда орналастырылған материалдар — web – адресіне сілтемесі көрсетілген web -парағының көшірмесімен.
4. Ұсынылған материалдар байқау комиссиясына кері байланыс мәліметтерімен конвертте ұсынылады.
Ескерту:
​- мақала ақпараттық сипатта болмауы керек, мақалада сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың тұжырымдамалық тәсілдері ұсынылуы қажет және журналисттің өз атынан жариялануы тиіс.
​- бейнематериал қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруға бағытталған белгілі бір сюжетті қамтитын әлеуметтік ролик болуы тиіс.

5. Бағалау критерийлері

​1. Көтерілген тақырыптың өзектілігі.
​2. Кәсіби біліктілігі, таңдалған тақырыптың терең ашылуы.
​3. БАҚ-ғы жарияланым мәтінінің түсінікті жеткізілуі.

6. Жеңімпаздарды марапаттау

​Байқау қорытындысын «Адал қоғам» қоғамдық бірлестік тарапынан құрылған комиссия шығарады. Комиссия құрамы:
— Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, журналист. (комиссия төрағасы);
— «Әділдік жолы» РҚБ ЖОФ жетекшісі;
— облыстық БАҚ журналистерімен ардагерлері.
​Байқау қорытындысы үш бөлек номинация бойынша (үздік бейнематериал, үздік баспа басылымы және үздік интернет жарияланымы) 2025 жылдың 25 маусым шығарылады. 2025 жылдың 26 маусым күні марапаттау рәсімі өткізіледі.
​1, 2 және 3 орын иеленген қатысушылар естелік сыйлықтармен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алғыс хаттарымен марапатталады.
​Ескерту:
​Материалдар (қағаз және электрондық нұсқаулары) «Байқауға» деген белгісімен «Адал қоғам» жобалық кеңсесіне келесідей adalkogam15@gmail.com электронды пошта арқылы жолданады.
​Материалдарды қабылдау 2025 жылдың 23 маусым дейін жүргізіледі.
​Анықтама телефондары: +7 705 624 8846

Leave A Reply

Your email address will not be published.