«Жақында ұлы қайтыс болған»: Мектеп оқушылары күзетшіні туған күнімен құттықтап, көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)

80

Аталған видео қысқа уақыт ішінде 3 миллионнан астам қаралым мен 700 мыңнан астам лайк жинады. Кадрлардан бір топ мектеп оқушысының тосын сый жасау үшін күзетшіні қоршап алғанын байқауға болады. Балалар мектеп күзетшісіне шырақ жағылған торт, тәттілер және басқа да сыйлықтар әкелген. Ал ер адам балаларға алғысын білдірді.

«Сіздерді жақсы көремін! Менің отбасым өздерің. Рақмет”, – деді күзетші.

Әлеуметтік желіде тараған әсерлі видео желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

«Оның жақсы адам екені көрініп тұр. Әйтпесе оқушылар оны құттықтамас еді», «Ол шынайы қуанып тұр. Қандай да бір сыйлыққа емес, өзіне көрсетілген шынайы көңілге шексіз қуанып тұр. Сондай ақкөңіл, жүрегі ашық адам. Мұндай жандардың әлі де бар екені қуантады”, –деді олар.

Видео авторларының сөзінше, мктеп күзетшісінің есімі Абдулла екен. Ол білім ордасында үш жылдан бері жұмыс істейді екен. Мектеп оқушыларының айтуынша, күзетші  айналасындағылардың бәріне күн сайын көңілді күй сыйлайды.

«Біздің күзетші өте мейірімді адам. Ол үнемі балалармен және ата-аналармен амандасып, жүзінен күлкі кетпейді. Әр оқушының есімін біледі әрі жақсы таниды. Сондай жақсы адам», – дейді автор .

Оқушылардың айтуынша, құттықтауға дайындық алдын ала басталған. Мектеп оқушылары мессенджерде чат ашып, оған бастапқыда 20 адам қосылған. Уақыт өте келе қатысушылар саны артып, чатта 200-ге жуық адам болған.

«Ақша жинап, оған торт пен сертификат сатып алдық. Оны үзіліс кезінде мектепке шақырып, құттықтаймыз деп шештік. Күннің соңына таяғанда мектептен шыққанда ол кісімен сөйлестім. Ол барлық баланың туған күнімен құттықтағанын, ол жерде бірінші және екінші сынып оқушылары да болғанын жеткізді. Көп адам оған бізден бөлек те сыйлықтар берді. Ол сондай бақытты», – деді оқушылар.

Оқушылардың айтуынша, жақында күзетшінің ұлы қайтыс болыпты. Ұйымдастырушы оқушылар, ұлын жерлеуге бір күнде 200 мың теңге жинап беріпті.

Фото: Видеодан скрин

https://stan.kz/zhakinda-yli-kaytis-bolgan-mektep-okushilari-kuzetshini-412006/

Leave A Reply

Your email address will not be published.