Жағдай тұрақты бақылауда

118
2023 жылдың 10 ақпаны күні кешкі сағат 23.00 шамасында жел күшейе түсті.
11 ақпан сағат 00.00 желдің екпіні 24-26 м/с болса, сағат 05.00
шамасында 34-38 м/с жетті.
«Казгидромет» РМК филиалының 2023 жылдың 10 ақпанындағы
№17 ТЛГ хатына сәйкес, Сарысу ауданы тұрғындарына алдын ала
хабарламалар жіберіліп,«Жаңатас-Тараз», «Жаңатас-Шымкент»
бағытындағы автокөлік жолдары полиция қызметкерлерімен жабылды.
Шаруалардың жайылымға шығуына тоқтам қойылып, төрт
түлік малдарын қорада ұстау ескертілді.
Барлық әлеуметтік (денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, білім) нысандарда
жағдай қалыпты, жылу қазандықтары (котельная/водозаборы/водоканал) толық
істеп тұр. «Қазфосфат» ЖШС пен «ЕвроХим» ЖШС компанияларының өндіріс орындарының жұмысы қалыпты.
Ауданішілік автожолдардағы көлік қатынастарында кедергілер жоқ.
Дүкендерде наубайхана өнімдері мен азық-түлік, жанар-жағармай,
дизель, газ көлемі жеткілікті.
«Орталық қазандық», «Қазгидромет», Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралап шықтым. Жағдай тұрақты бақылауда.

 

Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.