«Зейін» әлеуметтік жобасының таныстырылымы өтті

233

Облыста волонтер жылы аясында «Birgemiz:Bilim» бағыты бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Аталған бағыт әлеуметтік осал топтағы балалар мен көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы балаларға білім берумен айналысады.
«Birgemiz:Bilim» бағыты бойынша бүгін облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Зейін» әлеуметтік жобасының таныстырылымы өтті. Жоба Тараз қаласы мен аудандарда іске асырылады. «Зейін» жобасы екі бағыт бойынша білім береді. Бірі – ҰБТ-ға дайындық болса, екіншісі – ағылшын тілін үйрету. Білім беруге облыстағы ең ірі үш университеттің ұстаздары, яғни М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Тараз инновациялық — гуманитарлық университеттері, және соңғы курстың студенттері волонтер ретінде тіркеліп, сабақ жүргізе алады.
«Birgemiz:Bilim» бағыты бойынша сабақ беруге ниетті волонтерлар qazvolanteer.kz сайты арқылы тіркеліп, өтінімдерін қалдыра алады. «Зейін» жобасы аясында облыстық жастар саясаты мен Жамбыл облыстық «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі өзара меморандумға қол қойып, бірлесе жұмыс атқаруға келісті.
«Карантин режимі енгізілген уақытта сабақтар онлайн түрде YouTube платформасында өтті. Осы уақытқа дейін 80 видео сабақ түсіріліп, 500-ге жуық оқушы сабақтарды қарады. Карантин режимі аяқталған соң, аудандар мен қалада балалармен бетпе-бет сабақ өту көзделіп отыр. «Зейін» жобасы оқимын деген, бірақ оқу ақысы қолды байлайтын балалар мен ата-аналар үшін таптырмас жоба деп айтуға болады. Жоба алдағы уақытта да өз жұмысын жалғастыра береді» — дейді Ш. Жүсіпов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.