Заңсыз заттарды алып өтпекші болғандар толастар емес

521

Түзеу мекемелерінің қатаң тәртібіне кереғар заңға томпақ әрекеттер көбеюде. Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/7 мекемесінің ішкі күзет аумағына жасырын түрде заңсыз заттар өткізбекші болғандардың құйтырқы ісі әшкереленді. Бұл жолы амалын асырып, айлаға барғандар орамахат, яғни бандероль арқылы қатаң тиым салынған дүниелерді жөнелткен. Мекеме қызметкерлерінің жіті тінтуі кезінде өзге де тұрмыстық заттармен қоса сөзжұмбақ парақтарының бетіне желімделген 100 АҚШ доллары табылған. Мерекеде яғни 6 шілде күні 11.30-дар шамасында келген сәлем-сауқатты көршілес Ресей федерациясы Красноярск қаласынан А.Л.В есімді азаматша жіберген. Жолдаманы 2033 жылға дейін бас бостандығынан айырылған 1984 жылы туылған М.Д.А сотталған алуы тиіс болатын. Қазіргі таңда іс сотқа жолданып, талдап-тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.