Заңсыз қойылған дүңгіршектер алынуы керек

157

Қоңыр күздің келуіне де  аз ғана уақыт қалды. Сондықтан қалада қарбалас тірлік басталып, округтерде арық-атыздарды тұрмыстық қалдықтардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Өйткені тамыз қыркүйек бастала салысымен жер ана сары түске боялып, жапырақтар төгіліп, тазалық жұмыстарына баса назар аудару қажет болады.

Сондай-ақ, тазалық пен қатар қала көркіне де баса назар аударылуда.

Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан қаладағы заңсыз қойылған дүңгіршектер зерделеніп, алдыру жұмыстары жүргізілуде.

Бір сөзбен айтқанда, заңсыз дүңгіршектерге қадаға күшейді. Көшедегі дүңгіршіктер сауда мәдениетiнiң ғана емес, Тараздай шырайлы қаланың көркiне көлеңке түсiрiп тұр.

Бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.