Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінде «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы аясында «Заң бәрімізге ортақ» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Семинарға Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Лесбек, Тараз қалалық №2 пробация қызметінің бөлім бастығы, әділет полковнигі Ғалымжан Абдиразақов, сондай-ақ Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Әліайдар Ниязбек қатысты.
Жиынға 100-ге жуық жас қатысып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау тақырыптарында мазмұнды ақпарат алды. Семинар барысында қатысушылар өз сауалдарын қойып, құқықтық бағыттағы түсіндіру жұмыстарымен танысты.