Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді

509

Шартарапты алаңдатқан алып індет коронавирус күн санап өршуі сақтық шараларын күшейтуді талап етеді. Мұндайда «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» — деген нақыл сөз еріксіз еске түседі. Пандемияның жайылуының алдын алу шараларына қатысты Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған қарасты мекемелерінде сақтық шаралары алғашқы күннен бастап күшейтілген.

Осыған байланысты, өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты барлық мекемелерде аурудың алдын алу шаралары қолға алынған. ЖД-158/5 мекемесінде арнайы залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізіліп, түзеу мекемесінің аумағына медициналық тазартқыш құралдары орнатылды.

Айта кетейік, бұл шараға тазалық қызметкерлерімен қоса, мекеме қызметкерлері де қатысты.

Венера Каракозова,
ЖД-158/5 мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.