«Ығы-жығы, ұсақ-түйекке мән бермейтін болдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының болашағына алаңдайтынын жеткізді

40

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Өнер иесі төрт баласымен Астана қаласында тұрып жатыр.

“Білесіз бе, осы күнге дейін өмір көп нәрсеге күліп қарауды үйретті. Ығы-жығы, ұсақ-түйекке мән бермейтін болдым. Есесіне мен үшін ең маңыздысы балалардың бүгінгі қызығушылығы мен ертеңгі болашағы. Сол үшін төртеуінің де бар қызыққан саласына шамам жеткенше қолдау білдіріп келе жатырмын», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.



Одан кейін үлкен қызы Сезімнің шетелде білім алуына қатысты да пікір білдіріп, қолдайтынын жеткізген еді.

“Сабырлы, шешімді асықпай қабылдайды. Кез келген жаратылыстағы сұрақтың жауабы ғылымда деп санайды. Әлемнің ең үлкен кітапханаларын аралап шығуды армандайды. Сезімге Корей елі ұнапты. Бірнеше университеттермен танысып қайтты. Әзірге нақты шешім қабылдаған жоқ. Танысу, таңдау жасап жатыр», – деп жазды жұлдызды ана.

Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдіріп, балаларына ауыр тиіп жатқанын айтқан еді.

https://stan.kz/igi-zhigi-ysak-tuyekke-man-bermeytin-boldim-zhyldiz-abd-404186/

Leave A Reply

Your email address will not be published.