Экс-министр Астанадағы ЖОО-ның бірінде ұстаздық етпек

98

Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Астанадағы беделді ЖОО-ның бірінде ұстаздық етуді жоспарлап отыр, деп хабарлады  turkystan.kz. 

Бұл туралы Асхат Аймағамбетов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

«Қазір уақытымды балаларыммен өткізіп жатырмын. Бала тәрбиесіне мән беріп, оларды балабақша, мектепке апарып, әкелумен айналысып жүрмін. Жуырда Астанадағы ірі әрі сапалы білім беретін университеттердің бірі ұсыныс жасады. Біраз тәжірибеңіз бар,  студенттермен бөліссеңіз деді. Өзім педагог, оқытушы болғаннан кейін маған ол жақын. Қарапайым оқытушы болып, студенттермен жұмыс істеу деген ұсынысты қабылдадым. Қазір құжаттармен, яғни оқу бағдарламасымен айналысып жатырмын», – деді Асхат Аймағамбетов.

Ол оқытушы болудан да өзге ұсыныстар түскенін жеткізді.

«Жеке сектор бойынша да, басқа да түрлі ұсыныстар бар. Ұсыныстар бойынша соңғы шешімді жақында қоғамға жеткіземіз. Ағартушылықпен айналысу, балаларға тәрбие, білім беру, жинаған тәжірибемен бөлісуді қай қызметке барсаң да бірге алып жүруге болады. Өзім өскелең ұрпаққа білгенімді үйретіп, тәжірибеммен бөлісуді жөн көріп отырмын», – деді экс-министр.https://turkystan.kz/article/212528-eks-ministr-astanadagy-zhoo-nyn-birinde-ustazdyk-etpek/

Leave A Reply

Your email address will not be published.