«World Robot Olуmpiad – 2023» чемпионатында облыс оқушылары ІІІ орынды иеленді

Ағымдағы жылдың 24-25 тамыз күндері Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде робототехника бойынша «World Robot Olympiad» республикалық чемпионаты өтті.
«Әлемді біріктіреміз» тақырыбында өткен ұлттық олимпиадада жас робототехниктер төрт санат бойынша бақ сынасты:
✅«Future Engineers»
✅«RoboMission»
✅«Future Innovators»
✅«RoboSports»
Республикалық чемпионатқа Байзақ ауданының және Тараз қаласының білім беру ұйымдарының 6 командасы қатысты.
Нәтижесінде «Future Engineers» санаты бойынша Байзақ ауданы, №1 мектеп-гимназиясының «SpaceX» командасы – Естай Мұратбай, Алихан Абдықали жүлделі III орынды иеленді.
✅Сонымен қатар, «RoboMission» санаты бойынша Байзақ ауданы, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының «IT-Kiikbai» командасының мүшесі Қуаныш Құралай «Үздіктер рейтингіне енген» номинациясына ие болды.
Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған педагогтарды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

Жамбыл облысының білім басқармасы

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *