Волейболдан әйелдер арасында цехаралық жарыс өткізілді

233

Өткен сенбі күні Жаңатас спорт кешенінің залында «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» тау кен өңдеу кешенінің спорт жарыстарының жылдық жоспарына сәйкес волейболдан әйелдер арасында цехаралық жарыс өткізілді.

Жарысқа кешеннің ОБФ, ЭҚЦ, Көксу, ҰСФ, ТББ цехтарынан және басқармадан барлығы 6 команда қатысты. Қызықты әрі тартысты өткен жарыста жүлделі бірінші орынды ЭҚЦ командасы жеңіп алды.

Екінші орын ОБФ-ның, үшінші орын Басқарманың командасына бұйырды. Төртінші, бесінші, алтыншы орындарға тиісінше ҰСФ, ТББ, Көксу командалары жайғасты. Төрешілер шешімімен үздік ойыншылар болып Құттыбаева Бибісара, Түсіпбекова Ардақ, Есенәлиева Құралай, Қуандықова Мая және Молдаханова Сәулеш танылды. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің дипломдарымен марапатталды.

Диханбай Акдилда

Leave A Reply

Your email address will not be published.