Вирус жұқтырған: Астанада Қытайдан келген 1600 гүл өртелді

57

Фото: Gov.kz

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Астана халықаралық әуежайындағы фитосанитарлық бақылау пунктінің жұмысшылары гүлдер қауіпті зиянкес жұқтырғанын анықтағар.

1600 қалампыр Қытайдан әкелінген.

«Іріктелген сынамалар Республикалық өсімдіктер карантині орталығына карантиндік зертханалық сараптама жүргізу үшін жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша қалампырлардан батыс гүл трипсі инфекциясы анықталды», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Мамандар әкімшілік хаттама жасап, істі сотқа жібергені атап өтілді.

Ауданаралық мамандандырылған соттың шешімімен өнімдер өртелді.

Бұған дейін Астанада Түркиядан әкелінген гүлдердің үлкен партиясы жойылған болатын.

https://stan.kz/virus-zhyktirgan-astanada-kitaydan-kelgen-1600-gul-orte-404913/

Leave A Reply

Your email address will not be published.