Видео ойындар адамды ақылды ете ме? – зерттеу

99

Кейбір адамдар күніне кем дегенде бір сағатын видео ойындарға арнайды. Бұл жалпы ойынқұмар адамдардың өмірінің 5 пайызын құрайды. Осы уақытша инвестиция олардың миына пайда әкеле ме?

Бұл сұрақты  Санта-Барбарадағы Калифорния университетінің ғалымдары кейінгі жиырма жылдықта зерттеп жатыр. Олардың мақсаты – видео ойындардың когнитивті дағдыларды жақсарта ала ма екенін білу. Зерттеушілер тобы түрлі эксперименттер жүргізіп, зерттеу әдебиеттеріне мета-талдау жасап, «компьютерлік оқыту ойындары» және «ойынға арналған нұсқаулық» атты кітаптар шығарған. Сөйтіп жүргенде күтпеген нәтижеге тап болады.

Олар когнитивті салдары бар эксперименттер жасайды. Бір топ адамға зейін, қабылдау, психикалық икемділік, пайымдау немесе есте сақтау сияқты кейбір танымдық дағдыларды бағалайтын тест береді. Содан кейін топты екіге бөледі. Олардың жартысы біраз уақыт осы дағдыға бағытталған видео ойындар ойнайды; екінші жартысы сөз табу ойыны секілді басқа әрекеттермен айналысады. Содан кейін оларға қайтадан тағы сол тестті береді.

Жағымсыз жаңалық, жарияланған ғылыми зерттеулер бойынша дайындалған шолу видео ойындардың көпшілігі когнитивті дағдыларды жақсартпайтынын көрсетеді. Алайда танымдық дағдыларды жақсартатын коммерциялық ойындардың бір жанры бар екенін біліңіз. Экшн жанрындағы видео ойындарды ойнаған кезде адам бір нәрсеге арналған назарын жаттықтыра алады. Өйткені ол ойында үнемі өзгеріп отыратын контексттермен жұмыс істейді және қиындық деңгейлерінің жоғарылауымен жылдам кері байланыс жасайды.

Сонымен қатар зерттеушілер тобы зорлық-зомбылық насихатталмаған ойындарды дамытып жатыр. Солардың бірі – Нью-Йорк университетіндегі CREATE зертханасымен бірлесіп жасалған All You Can ET ойыны. Ереже бойынша, ойнап отырған адам өзге ғаламшарлықтар аспаннан құлағанда арнайы ережелерге байланысты оларға тамақ немесе сусын атуы керек. Бұл ойын атқарушы шеберлікті үйретеді.

Бұл салада басқа зертханалар да осындай жетістіктерге қол жеткізді. Мысалы, невролог Адам Газзали және оның Сан-Францискодағы Калифорния университетінің командасы NeuroRacer құрды. Бұл – егде жастағы адамдарға зейінді бақылау дағдыларын үйрететін көлік жүргізу ойыны. Аталмыш технологияны компания назар тапшылығы бар балаларға көмектесуге арналған EndeavorRx әзірлеу үшін пайдаланған. 2020 жылы ол медициналық маркетинг үшін FDA мақұлдаған және рецепт бойынша қолжетімді алғашқы видео ойын атанды.

Неліктен бұл ойындар пайдалы, басқалары олай емес? Өйткені олар алты қағидаға негізделіп жасалған: нақты дағдыға назар аудару, қайталанған тәжірибені қамтамасыз ету, дереу кері байланыс беру, қиындық деңгейін жоғарылату, шеберлікті дамыту үшін әртүрлі контексттер құру және ойынның көңілді болуын қадағалау.

Алдағы уақытта осындай тәжірибелердің арқасында зерттеушілер мен IT мамандары когнитивті дағдыларды үйрететін қызықты ойындар жасау үшін бірге жұмыс істейді. Сонда күніне ойнайтын бір сағаттық ойын сізді шынымен де ақылды етуі мүмкін.

https://turkystan.kz/article/226187-video-oyyndar-adamdy-akyldy-ete-me-zertteu/

Leave A Reply

Your email address will not be published.