ҰСТАЗ – ҰЛЫҚ ЕМЕС, ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

124

«Ұстаздық етуден жалықпас» жандар қашанда бала жүрегіне жол таба біледі. Ұстаз ғалымға да, ақынға да білім беріп, түлететін адал жан. Бұлақ көрсе көзін ашатын, əлемге білімнің нұрын шашатын – ұстаз. Ұстаздың ел алдындағы мəртебесі биік, оны қадірлейтін, құрметтейтін, сыйлайтын халық бар. Дүниедегі адам атаулының барлығы мұғалімнің алдынан өтетіні сөзсіз.

Білім – шырақ, ал ұстаз сол шырақты сөндірмей ұстайтын тұлға. Оның алдында əлем бас иеді. Бүгінгі таңда білім беру саласы жаңартылған жоғары технологиялық деңгейге көтерілуде. Осыған орай ұлағатты ұстаздар озық технологиядан қалыс қалмай білімі мен біліктілігін пайдаланып, өз міндеттерін мүлтіксіз орындап келеді. Еңбектің арқасында еліміз қарқынды даму үстінде келе жатыр. Білім жолында талпынбаған, ұстазын құрметтемеген, қадір тұтпаған шəкірттің ғылым көкжиегінде де нəтижеге жетпейтіні айдан анық. Тарихтан білетініміздей кезінде белгілі тұлғалар өз ұстазын ерекше құрметтеген, пір тұтқан. Мысалы, Абылай Төле биді, Шəкəрім Абайды, Жамбыл Сүйінбайдың өнеріне сүйсініп, пірі еткен. Ұстазды сыйлау сонау ата-заманнан қалыптасып келе жатқан салт. Сонысымен де бұл мамандық қадірлі болса керек.

Балалардың білімге деген құштарлығын ашу, көңіл кілтін тауып, биікке шарықтату – заман талабымен қатар дамып келе жатқан үлгілі ұстаздың ісі. ХХІ ғасырдың ұстаздары жаңашыл, ізденімпаз, өз шәкірттері үшін үлгі, әрі оларға жақсы дос бола білу керек. Ол ақиқат жолындағы рухани тəрбиеші, әрі жас буынды өз соңынан ертіп алға бастайтын көшбасшы «Ұстаздық жолда барлық кедергіге төтеп беремін, сағым сынбай, жігерім мұқалмай, білімім мен тәжірибемді өскелең ұрпақты тәрбиелеуде оң пайдаланамын. Ақ ниетпен, үкілі үмітпен ел ертеңіне сеніммен қараймын» дейтін ұстаздарымыз көп болсын.

Білімді ұстаз – заманның басты қозғаушы күші. Ұстаз – ұлағатты есім, күн сəулесі өмірге жарық берсе, ұстаз есімі де шәкіртінің жүрегіне шуақ болып төгіледі. Əрбір ұстаз алдына келген шəкіртінің жүрегіне жол таба алуы керек. Шəкіртінің жүрегіне жол тапса, еңбегі ешқашан бос кетпейді. Ұстаз болу əрі бақыт, əрі абырой. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шəкірттерінің жүрегіне бар асыл қасиеттерін ұялатып, өн бойына ұстазға тəн салмақтылық пен мəдениеттілікті сыйғыза білген жандарды халқымыз əрқашан ерекше құрмет тұтады.

Абай атамыз айтқандай, «Ұстазсыз шəкірт – тұл, шəкіртсіз ұстаз тұл». Шəкірт ұстазға қарап өседі, бой түзейді. Ол ұстазының білімін, берген тəрбиесін, кеңесін алады. Бұл қадірлі де қасиетті жолда ұстазға дариядай білім, биік парасат, таза ниет қажет. Ұлағатты ұстаздан тəрбие алған адам жеке дара тұлға болып қалыптасады, өмірден өз орнын табады. Сонысымен де бұл мамандық қадірлі, сондықтан да ұзтаздың орны ерекше.

Индира СУЛЕЙМЕНОВА, «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.м

Leave A Reply

Your email address will not be published.