ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

68
Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген. Бала тәрбиесіне сонау ескі заманнан бері аса көңіл бөлген.
Жас ұрпақтың жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге үйренумен қатар, дұрыс дағдыларға, өзін-өзі ұстау дағдыларына үйрету, құқықтық және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру қоғамның алдында тұрған міндеттердің бірі.
Бүгін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықтық мәдениетті арттыру бойынша білім беру ұйымдарында жасөспірімдерге дәрістер оқылды.
Жаңатас қаласындағы М.Әуезов мектеп-гимназиясы мен Абай атындағы орта мектепте жоғарғы сыныптың оқушыларымен өткен жиынға аудан әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімшенің басшысы Ж.Құдайбергенов, аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы Ғ.Егембердиев, Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы А. Тілемісов және аудандық орталық аурухананың жастар денсаулығы орталығының психологы Ж. Абдикеева қатысып, өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруге үйрету, жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыптарында дәрістер оқып, кеңінен мағлұматтар берді. Тақырыпқа байланысты оқушылармен өзара пікірлер алмасып, сұрақтарға жауаптар берілді.
Ұрпақ тәрбиесіне, құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған осындай жиындар аудандағы білім беру мекемелерінде өткізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.