2021 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді. Соның бірі — Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында, 2022 жылы 8936 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шарасына тартылды. Оның ішінде оқу орнында жұмыссыздарды қысқа мерзімге оқытуға-20 азамат жолданды. Олар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге материалдық көмекпен, тұрумен және медициналық тексеруден өтумен қамтамасыз етілді. Жұмыс орнында оқытуға-25 азамат оқуға жолданып, сертификаттарын алып, тұрақты жұмыспен қамтылды. Еnbek.kz платформасы бойынша онлайн оқып 127 азамат сертификат алды. Әлеуметтік жұмыс орындарына- 190 орын жоспарланған, жолданғаны 193 азамат, орындалуы 101,6 пайызды құрап отыр. Қоғамдық жұмыстарға- 800 орын жоспарланған, қамтылғаны 831 адам, орындалуы 103,9 пайызды құрады. Сонымен қоса жастарды жұмыспен қамтуға тоқталсақ, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған жас мамандарға түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Бұл бойынша жастар тәжірибесіне 237 жас маман, алғашқы жұмыс орнына 14 азамат және ұрпақтар келісімшарты жобасына 3 азамат жұмысқа орналасты. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грантқа 2000 азаматтан өтініш түсіп, комиссия шешіміне сәйкес 371 азамат грант иесі атанды. Оның ішінде 262 жастар немесе 70,6 пайызды құрап отыр. «Бизнес Бастау» жобасы аясында жүйеге тіркеліп, онлайн оқығандары 3824 адамды құрап, оның 2043 адамы немесе 53,4 пайызы жастар санатынан болып отыр. 2022 жылы орталықта 12 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. 91 мекемеден 180 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 271 адам қатысты. Оның ішінде 86 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 52, жастар практикасына 20 жас маман жолданды. Сонымен қатар жәрмеңкеге қатысқан азаматтарға ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес және Ұлттық жоба бойынша консультациялар берілді. Жалпы 2022 жылы тұрақты жұмыс орындарына – 1950 адамды тарту жоспарланған. Жолданғаны 3263 адам, орындалу пайызы 167,3 пайыз. Бос жұмыс орындарына 2015 адам және жаңа жұмыс орындарына 1248 адам жолданды. “Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №516 бұйрығына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 535 бұйрығымен өзгертілген өзгерістерге сәйкес 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар “Күміс жас” жобасына қатысушылар болып табылады. “Күміс жас” жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін жұмыс берушіге субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде: 1) қатысудың бірінші 12 (он екі) айында жалақы мөлшерінің 70 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды; 2) қатысудың 13 (он үшінші) айынан бастап 24 (жиырма төртінші) айына дейін жалақы мөлшерінің 65 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды; 3) қатысудың 25 (жиырма бесінші) айынан бастап 36 (отыз алтыншы) айына дейін жалақы мөлшерінің 60 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды. “Күміс жас” жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, ал зейнеталды жастағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасады. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығына 2022 жылдың 29 желтоқсанындағы № 536 бұйрығымен өзгертілген өзгерістерге сәйкес 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі, оларға атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) жатады. Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Жастар қатарындағы үміткерлерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, мынадай шарттарда микрокредиттер беріледі: 1) микрокредит мерзімі-5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі-7 (жеті) жылға дейін; 2) микрокредиттің ең жоғары сомасы-5 (бес) миллион теңгеге дейін; 3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды; 4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы; 5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды; 6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер. Микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескеріледі. Дидар Сансызбаев, |