Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде «Наурызнама» онкүндігі аясында сотталғандар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Шараға мекемеде жазасын өтеп жатқан ұлттық спорт түрлеріне ебі бар жазасын өтеушілер қатысты. Жарыс бағдарламасына 3 спорт түрі енгізіліп, күнделікті көңіл бөліне бермейтін аударыспақ, теңге ілу және қазақ күресі сияқты ұлттық ойындарға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар өздерінің дене дайындығын ғана емес, сондай-ақ ептілік, төзімділік және жеңіске деген жігерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша әрбір спорт түрінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, мекеме басшылығы атынан Алғыс хаттармен марапатталды.