ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті

56

Ақордаhttps://turkystan.kz/article/271804-uqsu-uzymdyq-qauipsizdik-kenesinin-keneitilgen-quramdagy-otyrysy-otti

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегация мүшелерімен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан көшбасшылары Ұйымға мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарастырып, биылғы ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттарын қорытындылады. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдықтарды анықтады.

Президенттер ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс айтты.

Жиын барысында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты тағайындау туралы шешім бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттердің мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жан-жақты жетілдіруге бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.

Тэгтер:
ҰҚШҰ Бішкек
БӨЛІСУ:

Серіктес жаңалықтары
Ұқсас мақалалар

Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылы жаңа деңгейге көтерілді
Бүгін, 16:23

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Бүгін, 12:28

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды
Бүгін, 11:48

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ынтымак Ордо» резиденциясына келді
Бүгін, 11:17

Мемлекет басшысы Бішкек қаласына барды
26 қараша, 2025

ЮНИСЕФ өңірлік директоры Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалар құқығын қорғау саласындағы реформаларының оң нәтижелерін атап өтті
26 қараша, 2025
Көп оқылған

Бүгін, 20:54
КХДР мектептерінде орыс тілі міндетті пәнге айналды

Бүгін, 20:32
Қырғыз делегациясы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін аралады

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/271804-uqsu-uzymdyq-qauipsizdik-kenesinin-keneitilgen-quramdagy-otyrysy-otti

Leave A Reply

Your email address will not be published.