ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке сот үкімі шықты

97

ҰҚК бұрынғы төрағасы  Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz.

Сот оның мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. ҰҚК-нің бұрынғы басшысынан мемлекетке 10 миллиард теңге және 24 миллион доллар өндірілді.

Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар оның үш орынбасары – Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Өсіпов 3 жылға сотталды.

https://turkystan.kz/article/220823-ukk-nin-buryngy-basshysy-kerim-mesimovke-sot-ukimi-shykty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.