ҰБТ-сыз грант. Қандай сарбазға грант беріледі?

88

Желмая жобасының бүгінгі қонағы — Қорғаныс министрлігі БАҚ-пен жұмыс басқармасының бастығы Руслан Жангулин, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бұл биыл қолға алынған жаңа бастама. Яғни, жобаны Қорғаныс министрлігі Білім және жоғарғы ғылым министрлігімен бірлесіп, іске асырмақ. Онда әскери борышын өтеген азаматтарға жоғары оқу орнына түсуге жеңілдіктер жасалады. Біз мұны екі тұрғыдан қарастырып отырмыз. Біріншіден, әскерге барып келген азамат 2 жыл аралығында кез келген жоғары оқу орындарына ұлттық бірінғай тестіні тапсырмай-ақ, комиссия мүшелерімен әңгімелесуден кейін оқуға түсе алады. Айта кету керек бұл —  ақылы негізде, — деді Руслан Жангулин.

Оның атап өтуінше, үздік сарбаздарға берілетін грант мемлекеттік емес, бұл жоғары оқу орнының есебінен берілетін грант болмақ. Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігі 50-ге тарта жоғары білім ордаларымен келісімге келген.

Екіншіден, жоғары оқу орнына ақысыз түсе алады. Осы жобаға қатысты көптеген қызғушылық байқалады. Мұнда әскерде жүріп бір жыл бойы жақсы нәтиже көрсеткен сарбаздар  грантқа түсе алады. Ол қалай іске асады десеңіз? Әскерлер әртүрлі дайындықтан өтеді. Мәселен «мемлекеттік дайындық» сабағы, одан қалды «жауынгерлік дайындық», «саптық» және «атыс» дайындығы бар. Бұл пәндер қатар әскердің тәртібі де қаралатын болады. Міне, осы сындардан үздік шыққан сарбаздарды жоғары оқу орындарына тегін түсіруге мүмкіндік қарастырып жатырмыз, — деді Желмая қонағы.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.