УАҚЫТША БЕКЕТТЕР

93
Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың 11 қазанынан бастап уақытша бір ай мерзімге өңірдегі үлкен жолдардың бойына және Тараз қаласының айналасына ветеринариялық қадағалаудан өткізілмеген ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал өнімдерінің заңсыз тасымалдануы мен сатылуын анықтау және оларға тосқауыл қою мақсатында бекеттер қойылды.
Полиция қызметкерлері, ветеринариялық инспекция және ветеринария басқармасы тарапынан бірлескен рейдттер ұйымдастырылуда.
Осы уақыт ішінде 950 автокөлік тоқтатылып, 28 автокөліктің құжатсыз мал және малдың етін тасығаны анықтылды.
Оларға тиісті хаттамалар толтырылып, 586 500 теңге айыппұлдар салынды.
Айта кету керек, биылғы жыл басынан 19 тұрғын аса қауіпті және жедел жұқпалы “сібір жарасы” ауруына шалдықты.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары 

Leave A Reply

Your email address will not be published.