Түрмеге шырынның ішіне тығылған телефон кіргізбек болған

384

Таразда түзеу мекемесіне тыйым салынған зат кіргізбек болған азаматтың әрекеті әшкере болды. Оқиға 30 қараша күні түскі 13:40-тың шамасында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне бағынысты №25 мекемесінде болған.

Белгілі болғандай, тыйым салынған заттарды №25 мекеме режим бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты М.Амирбеков, аға сержант Б.Тілеу және №5513 әскери бөлімінің бақылаушысы, сержант Е.Муратов, сержант Б.Асылбеков, №5513 әскери бөлімінің қызметкерлері бақылау-өткізу пунктінде мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматпен кездесуге келген Жамбыл ауданының тұрғынын тексеру кезінде анықтаған. Нәтижесінде сотталғанға алып келген азық-түліктің арасындағы шырынның қорабынан 3 дана сенсорлы телефон, 1 дана кнопкалы жай телефон және 1 дана телефонның қуаттағышы мен 3 дана сим-карта табылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.