Түркияда «Челсидің» экс-футболшысының денесі табылды

85

Түрік « Хатайспорының» ганалық футболшысы Кристиан Атсу Түркиядағы қираған үйдің астынан өлі табылды.Бұл туралы жартылай қорғаушының агенті Мұратузун Мехмет мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кристиан Атсу табылды, өкінішке қарай қайтыс болды», – деп жазды ол Twitter-де.

31 жастағы Атсу өткен жылдан бері Хатайспорда болды. Ол сондай-ақ португалдық «Порту», «Рио Аве», ағылшындық «Челси», «Эвертон, «Борнмут», «Ньюкасл», голландиялық «Витесс», испандық «Малага» командаларында ойнады.

Гана құрамасы үшін 60 матч өткізіп, 2012-2022 жылдар аралығында 10 гол соқты.https://turkystan.kz/article/213912-turkiyada-chelsidin-eks-futbolshysynyn-denesi-tabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.