Түркістанда Орталық Азия Парламентаралық форумы өтеді

84

9-10 ақпан күндері Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтеді деп хабарлады turkystan.kz.

Іс-шара Орталық Азия мемлекеттері басшыларының өткен жылдың шілдесінде Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) өткен төртінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Парламенттердің ынтымақтастығын нығайту – бұл Орталық Азия елдері арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру.

Форумның маңызды басымдығы – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, елдердің зиялылары арасындағы диалогты тереңдету, Орталық Азия халықтарының ортақ мәдени және рухани мұрасын дәріптеу болып отыр. Осы жылдың қаңтар айында Бішкекте қазақ және Қырғыз зиялыларының форумы өтті. Іс-шара Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналды. Біздің халықтарымыз арасындағы мәдени және рухани байланыстарды нығайту үшін осындай зиялы қауым форумдарын көпжақты форматта өткізу маңызды.

https://turkystan.kz/article/212936-turkistanda-ortalyk-aziya-parlamentaralyk-forumy-otedi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.