Түргеш тиындарымен толықты

74

Аудандық тарихи-өлкетану музейі тағы бір құнды жәдігермен толықты. Музей жанашыры, ауданымызға белгілі өнерпаз Гүлназ Әлімқұлова  мұражайымызға  санғасырлық тарихы бар ескі тиындарды сыйға тартты.
Тиындардың бір бетінде Түргеш тайпасының таңбасы түсірілген, келесі бетінде соды тілінде жазба түскен. Тиындардың қақ ортасында ромб тәріздес тесігі бар. Тарихқа үңілер болсақ, мұндай ақшалар VІІІ ғасырда Түргеш қағанатының билік құрған тұсында Тараз және Суяб ақша сарайларында соғылып отырған.
«Музейге сый» акциясы аясында табысталған тарихи туынды музейіміздің нумизматикалық коллекциялар қатарына қосылды.

Айдана Шотбасова,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.