https://turkystan.kz/article/272764-tunde-zumys-isteu-zurek-qan-tamyr-zuiesine-ziian-keltiredi-zertteu
Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, түнде жұмыс істеужұмыс адамның жүрек-қан тамыр жүйесіне зиян келтіруі мүмкін. Medical Xpress журналы хабарлағандай, түнгі ауысымдағы жұмыс жүректің қалыпты қызметін бұзады және жүрек-қан тамыр ауруларының қаупін арттырады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Институттың директоры Лорри Киршенбаум түсіндіргендей, түнде организм демалғанда жүректегі жасушаларда табиғи «тазалау» жүйесі белсенді болады. Бұл процесс зақымдалған белоктарды өңдеп, жүректің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал күн мен түннің циклін өзгерткен кезде бұл биологиялық процесс бұзылады, жасушаларда «қоқыс» жиналып, зақымдалған белоктар олардың жұмысын тежейді, бұл ауруға әкелуі мүмкін.
Ғалымдар бұл әсердің тек жүрекке ғана емес, бүкіл организмге әсер ететінін, бірақ негізгі жүктеме жүрекке түсетінін атап өтті. Күн мен түннің аздап ауысуы да бұл үрдіске себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, циркадтық ырғаққа жауап беретін гендер жынысына байланысты әртүрлі әрекет етеді, бұл әйелдерде инфаркт немесе жоғары қан қысымы сияқты жүрек-қан тамыр ауруларының қаупін арттырады.
NASA мамандарымен бірлесіп жүргізіліп жатқан зерттеулерде микрогравитация мен қалыпты күн-түн циклінің болмауының организмге әсері қарастырылуда. Мысалы, Халықаралық ғарыш станциясында 90 минутта 16 рет күн шығуы мен батуын көру жүректің формасына әсер етеді. Бұл мәліметтер жердегі ұйқысыздық пен ырғақ бұзылыстарының жүрек жеткіліксіздігі бар адамдарға қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272764-tunde-zumys-isteu-zurek-qan-tamyr-zuiesine-ziian-keltiredi-zertteu