«Түкке де керек емес»: Елімізге танымал ұстаз ата-аналар жиналысын «шоуға» айналдырған шенділерге тиісіп, желіде жанайқайын айтты

48

Белгілі блогер, көпшілікке «Бакижан» есімімен танылған ұстаз Бәкіжан Кәкім ата-аналар жиналысын шоуға айналдырған білім министрін сынға алды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның сөзінше мектеп ұстаздарына енді балалармен қоса, ата-аналарды тәрбиелеу қалған.

«Неге ата-аналармен жиналыс аяқ асты шоу болып кетті? Неге біз ата-аналарды тәрбиелей бастадық, мен соны түсінбеймін. Ата-аналар жиналысына барып қайттық, ешқандай маңызды нәрсе айтқан жоқ. Ойын ойнап, би билеп, ән айтып қайттық дейді ғой…

Біз ұстаздарды сыйламау үшін барымызды салып жатқан сияқтымыз. Қайдан бізді сыйлайды? Ол жерде үлкен адамдар, қызметкерлер, жұмыс істер жүрген адамдар, гос служба, басқа дейсіз бе? Ересек адамдар ойын ойнап тұрғаны тағы да бір жағынан бір түрлі», — деді ол.

Ұстаздың сөзінше ата-аналар жиналысын шоу форматында өткізуден мүлдем бас тартқан жөн.

«Өткізбесең, тағы өткізбедің дейді. Біз шоу форматынан қашан өтеміз? Шоу форматы қашан бітеді осы? Түкке де керек емес сол. Балаларын тәрбиеле, енді ата-аналарын бірге қосып тәрбиеле. Атасы мен әжесін де алып келсін тағы да… Ата-аналар жиналысына атасы мен әжесі де келеді солардың. Масқара… Қайдан осыдан кейін мәртебеміз өседі?», — деп жанайқайын жеткізді блогер.

Сонымен бірге ол желідегі парақшасында да осы мәселе туралы өз ойын ортаға салып, үн қатты.

«Кезінде ата-аналарды маңызды мәселелер бойынша ғана шақыртатын! Баласы бұзықтық жасаса, мінез-құлқында өзгеріс байқалса, ортақ шешім табу қажет мәселелерде ғана ата-анасын сынып жетекшісі шақыртатын еді.

Ал қазір мектептерді отбасын тәрбиелейтін орынға айналдырып жіберген. Психологпен ойын ойнап, сынып жетекшімен би билеп, ән шырқап қайту абсурд секілді. Ал сіздер не дейсіздер?», — деп жазды ол.

Фото: Instagram/baki_zhan
https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/tykke-de-kerek-emes-elimizge-tanymal-ustaz-ata-analar-zhinalysyn-shouga-ajnaldyrgan-shendilerge-tiisip-zhelide-zhanajkajyn-ajtty/?fbclid=IwY2xjawIgFExleHRuA2FlbQIxMQABHSvXRlPA7lGbqAD893_wsUGfGIhMvJ_3cb1D8rNLXKkSlvtYqeKbV5nR_g_aem_FA-YJPXHly3ATto-A40fwQ

Leave A Reply

Your email address will not be published.