Тыйым салынған заттарды алып өту арналары анықталуда

520

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелердің аумағына тыйым салынған бұйымдардың кіруіне жол бермеу шаралары жіті жүргізіледі. Осы мақсатта мекемелердің режим бөлімі тыйым салынған заттардың мекеме аумағына ену арналарын анықтау мақсатында жоспарға сай жұмыстар атқаруда.

Мұндай жұмыстар Жамбыл  облысы  бойынша  ҚАЖД  ЖД-158/2 мекемесінде де тұрақты түрде жүргізіледі. Осындай шаралар нәтижесінде мекеменің  режим бөлімі  тексеру тобының  Қазақстан  Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 481-бабы 1-тармағы  бойынша  2019  жылдын 9 айы ішінде  5  азаматтық  тұлғаны  әкімшілік жауапкершілікке тартты. Осылайша құқықбұзушылық жасаған 3 азаматқа сот шешімімен айыппұл салынып, 2 азаматқа ескерту жасалды. Ал  тәркіленген заттары өздеріне қайтарылды.

Сонымен  қатар,  тексеру тобының қызметкерлері ішкі режимдік аумаққа  кіретін  барлық  мекеме  қызметкерлері  мен  азаматтык тұлғаларды толығымен тексеруден өткізеді. Тексеруден өтпес бұрын мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге келген  азаматтық  тұлғалар мен   олардың туған-туыстары бағалы  заттарын,  ақшаларын,  яғни,  ішкі аумаққа кіргізуге болмайтын тыйым салынған заттарды  қол қою арқылы  тапсырады. Сонан соң, тыйым салынған  заттарды жасырын түрде  ішкі аумаққа өткізу іс-әрекеттері орын алса, олар ҚР  ӘҚБК  481-бабы бойынша  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылатындығы  түсіндіріліп, кейін тексеру  жұмыстары  жүргізіледі.

Десе де, алдын ала түсіндірілген тәртіпті бұзатындар да жоқ емес. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 3 азамат ҚР  ӘҚБК  481  бабы  бойынша  әкімшілік   жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, 1 азаматтық тұлға мекеменің сыртқы аумағынан  тыйым салынған заттарды  асыра лақтыру кезінде  ұсталған. Ал,  2 азамат мекемеде  жазасын өтеп жатқан сотталғандарға  ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге  келген кезде  тыйым салынған заттарды  жасырын түрде  кіргізбекші  болған. Оның ішінде 1  азамат ұялы  байланыс құралдарын жеткізбек болса, 2  азаматтық тұлға ақшаны жасырын алып өту  кезінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, аталған құқықбұзушылыққа жол берген 3 азаматтық  тұлғаға сот шешімі бойынша ескерту жарияланып, айғақ зат өз иесіне  кайтарылды. 1 азаматқа айыппұл  салынып,  айғақ   заттар   мемлекет пайдасына  өндірілді. Барлығы  2019  жылдын  9 ай мерзімі  ішінде  10 000 теңге  айғақ  зат  мемлекет пайдасына  өндіріліп,  акшалай   25,250  теңге  айыппұл  салынған.

Қазіргі  кезде  мәселе  тудырып  отырған   бір   сұрақ   бар,  ол  сотқа  жіберелетін іс-құжаттар   Сот кабинеті  бойынша   жіберілуі қажет.  Алайда,  осы  мәселе сотқа  іс-құжаттарды  өткізуде қиындыктар туындатып отыр.

 

С. Байтуғанов,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД  ЖД-158/2  мекемесі

режим  бөлімінің аға жедел уәкілі,

әділет капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.