Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов Тоғызкент ауылының ең қарт тұрғыны, еңбек және Тыл ардагері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Мәдіғұл Қошмағанбетовтың шаңырағына барып, құттықтап қайтты.


Бастауыш, жеті жылдық мектепті ауылында оқып, 1948-1950 жылдары аудан орталығы Байқадам Л.М.Каганович атындағы мұғалімдер дайындайтын институттың физика-математика факультетіне түсіп, 1952 жылы толық бітірген.![]()

1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтын өз мамандығы бойынша толық бітіріп жоғары білім алып шықты.
1955 жылы Талас ауданы, Бостандық жеті жылдық мектебінде оқытушы болып еңбек жолын бастаған. 1956 жылы қыркүйек айынан 1960 жылы тамыз айына дейін осы мектепте мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, 1960 жылдың қазан айынан 1963 жылдың тамыз айына дейін мектеп директоры болып қызмет атқарған. 1963 жылдың тамыз айынан 1994 жылдың қазан айына дейін ”Түгіскен” орта мектебінде еңбек еткен. 1965-1981 жыл аралығында мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, 1981 жылы ақпан айынан 1993 жылдың маусым айына дейін мектеп директоры қызметін атқарған.
