«Туризм осылай өліп жатыр»: Екібастұзда коммуналдық апаттан кейін пайда болған ерекше мұздық сүрілді

77

Сурет Асхат Ниязовтың Instagram желісінен

Коммуналдық апаттан соң пайда болған бұл биік мұздық үігір Екібастұз бен оған жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарын ғана емес, барша қазақстандықтардың қызығушылығын тудырды. Көпшілік түсініксіз күйде пайда болған ғажайыптың алдында және ішіне кіріп суретке түсуге асықты.

Алайда 16 ақпанда әлеуметтік желіде экскаватордың мұзды жарып жатқаны туралы видео пайда болды.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық су арнасы көрікті нысанды бұзу туралы шешім қабылдаған.

«Мұзды Екібастұз қалалық су арнасының жұмысшылары сүріп тастады. Өйткені адамдар суретке түсіп, ішке кіре бастады. Қауіпсіздік мақсатында мұздық жойылды», — деп түсіндірді Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.



Коммуналдық қызметтердің мұндай қатаң шешімі әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Түсініктемелерде біреулер фотосессияға баруға уақыт таппағандарына өкінсе, басқалары коммуналдық қызметкерлердің бұл әрекетін қызғаныш деп әзілдеді.

«Адамдар селфи жасамау үшін», «Екібастұзда туризм осылай өліп жатыр», «Су кеткен кезде осылай тез әрекет жасамайтын еді», «Желтоқсаннан қаңтарға дейін су тәулік бойы ағып жатты», » Блогерлер болмаса, қалалық су арнасы мұздық туралы білмес те еді», – деді пікір білдірушілер.

Кейбір желі қолданушылары келесі жылы балалардың көңілін көтеру үшін қалалық саябақтардың бірінде осындай бюджеттік үңгір салуды ұсынды.

Бұған дейін қазақстандық журналист Асхат Ниязов Instagram желісінде мұздық туралы видео жариялаған еді.

https://stan.kz/turizm-osilay-olip-zhatir-ekibastyzda-kommunaldik-apatt-395604/

Leave A Reply

Your email address will not be published.