Тұрғындардың өтініш-тілегі ескерусіз қалмайды

94

Қала әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй алу және жер кезегі, әлеуметтік нысандар салу, балалар ойын алаңы мен жол құрылысы бойынша сауалдарын қойды.
Шаһар басшысы қабылдауға келген тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.
Айта кетейік, бүгін қала әкімінің қабылдауына 10 азамат келді.

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.