Тұрғындар мәселесі қала әкімінің қабылдауында қаралды

37
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар көше жарығы, арық жүйелері, тал кесу, жер телімі кезегі және тұрғын үй кезегі мәселесі туралы сауалдар қойды.
Сонымен қатар тұрғын үйдің шатырын жөндеу, ойын алаңшасын күрделі жөндеуден өткізу және қоқыс шығарумен айналысатын компаниялардың жұмысын жүйелендіру бойынша мәселеле көтеріп, сұрақтар жолдады.
Шаһар басшысы тұрғындардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.
Кездесу қорытындысында сала мамандарына айтылған түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау жүктелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.