Тұрғындар дабыл қақты: Атырауды қою түтін басты

299

Түтінге тұншыққан атыраулықтар желіде шағымданып жатыр. Каспий теңізінің жағалауында өртенген қамыс халықты әбігерге түсірді деп хабарлады turkystan.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Каспий теңізінің жағалауындағы «Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс жанып жатыр. Бұл – Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылынан 30 шақырым қашықтықтағы аумақ. 2 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 19:00 шамасында қамыс өрті шамамен 85 гектар аумақты шарпыды. Төтенше жағдайлар және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері 80 гектар аумақтағы өртті сөндірді. Жел екпіні өртті сөндіруге қиындық келтіріп тұр. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ»,  – делінген хабарламада.

Теңіз жағалауындағы 5 гектардағы қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер, 2 техника, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 30 адам, 9 техника, 2 қайық, 4 мотопомпа тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.