ТҰМАУҒА ҚАРСЫ 7000 ДАНА ЕКПЕ ӘКЕЛЕНДІ

325
Бүгінде көпшілік арасында тұмау өрбіп жүргені белгілі. Оның белгілері әлсіздік, түшкіру, мұрыннан су ағу, іш ауры, аяқ-қолдың сырқырау болып табылады. Тұрғындар ем-дом қабылдау үшін ешқандай нұсқаусыз дәріханалардағы дәрілердің көмегіне жүгініп уақыт оздырып жүр.
Ал, аудандық орталық емханасына бүгінде тұмауға қарсы 7000 дана екпе әкелінген. Емхананың иммунолог дәрігері Жадраш Тотаеваның айтуынша, вакцина алдымен диспанцерлік тіркеудегі балаларға, екіқабат әйелдерге, 6 айлық нәрестеден, 3 жасқа дейінгі балаларға және емхана қызметкерлеріне салынуда.
– Бұл профилактикалық дәрі-дәрмек, иммунитетті қалыптастыруға арналған. Вакцина дәрі-дәрмектердің жеке санатын білдіреді, оларды дайындауда арнайы иммунобиологиялық әдістер қолданылады. Тұмау вирусынан қорғау аясында вакциналар алдын алудың тиімді әдісі болып табылады. Тұмауға қарсы вакцинацияның маңызы аурудың қоғамда тез таралуы және вирус ағзаға енгеннен кейін күрделенуі жағдайында артады. Алдағы уақытта қосымша тағы вакцина келеді. Өңір жұртшылығын екпе егуге шақырамын, – дейді дәрігер

Leave A Reply

Your email address will not be published.